Тапсырма
ОҚЫЛЫМ
Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Даңқты балуан,қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы-Жақсылық Үшкемпіров 5 бірдей медалін жергілікті өлкетану мұражайына табыс етті.Әлем және Мәскеу Олимпиадасының чемпионы-Жақсылық Үшкемпіров 1968 жылы Семейдегі малдәрігерлік институтына оқуға түсіп,алғашқы жаттығуларын осында бастаған. 6 жыл осы қалада тұрып,отбасылы болды.Айта кетейік,бір ғасырдан артық тарихы бар бұл мұражайға кезінде хакім Абай да өз заттарын сыйға тартқан. «Осы жерден өсіп-өніп,үлкен шыңға шыққаныма,олимпиада деңгейінің алтын медалін алуға киелі жерден шығып,соншама атақты жерге жеткеніме мен мың да бір рақмет айтамын! Бүгінгі менің тапсырып отырған медальдарымның барлығы да ос жерге,кейінгі ұрпаққа үлгі болса,осындай біз сияқты әлемнің Олимпиада чемпионы шығып,қазақ елінің кім екенін дүниежүзіне танытса,одан артық бақыт жоқ!»,-дейді Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров.

1. Мәтінге тақырып қой

2 .Мәтіннен құрмалас сөйлемдерді тауып жаз.





3. Мәтінге байланысты 3 сұраулы сөйлем құрастыр







ЖАЗЫЛЫМ

1. Төмендегі тақырыптардың біреуін таңдап эссе жаз.
« Менің сүйікті спортшым», « Жеңіл атлетика» « Маған ұнайтын спорттың түрі»
(50-55 сөз)







2. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойып жаз.
2014 жылы қысқы олимпиада ойын... Сочи қала... өтті.
Қазақстан құрама команда.. . спорттық киім барыс..., салт атты адам.. және тағы басқа жануар... кескін... салынды.

Бағалау критерийлері № тапсырма Дескриптор
Негізгі ақпарат. Оқылым
Мәтінге тақырып қою.
Құрмалас сөйлемдерді табу
Мәтінге үш сұраулы сөйлем құрастыру 1

1

1 Мәтінге тақырып қояды 1
Мәтіннен құрмалас сөйлемдерді табады 2
Мәтінге үш сұраулы сөйлем 3
Жазылым
Тақырыптарды таңдап эссе жазу 1 Эссе ережелерін сақтай отыра эссе жазады 5
Көп нүктенің орнына керекті қосымшаларды қойып жазу 1 Көп нүктенің орнына қосымшаларды қойып жазады 2
Барлығы: 13

matumaxim matumaxim    2   13.12.2021 11:39    4

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi