Тапсырма No1 Тыңдалым және айтылым
[10]
Мәтінді оқып шығып, «Жұптық әңгіме» әдісіне
негіздей отырып, маңызды деген мәселе
төңірегінде пікір алмасыңыз, жұбыңызбен
ортақ тұжырым жасаңыз.
[5]
Он сегізінші қара сөз
А жыртықсыз, кірсіз, сыпайы
киініп, һәм ол киімін былғап, былжыратып кимей,
таза кимек - дұрыс iс. Ләкин өз дәулетінен артық
киінбек, не киімі артық болмаса да, көңіліне қуат
тұтып, тым айналдырмақ - кербездің ісі.
Кербездің
екі түрлі қылығы болады: бірі бет-пішінін,
мұртын, мүшесін, жүрісін, қас-қабағын қолдан
түзетіп, шынтағын көтеріп, қолын тарақтап әуре
болмақ.
Мұның бәрі - масқаралық, ақымақтық.
Мұны адам бір ойламасын, егерде бір ойласа,
қайта адам болмағы - қиын іс. Кербез дегенді
осындай кер, кердең немеден безіңдер деген
сөзге ұқсатамын. Тегінде, а адам
баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген
нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсеменен
оздым ғой демектің бәрі де - ақымақтық.​

kuchera2 kuchera2    1   21.03.2021 14:06    2

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi