Тапсырма: Мәтіннің мазмұнын ашатын 3-сұрақ құра. Бүгін 23 сәуір – Халықаралық кітап және авторлық құқық күні

Кітап – а ақыл-ойынан туған рухани байлықты сақтап, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыратын құрал, білім мен тәрбие көзі. Ол – адамзат жасаған ең ұлы кереметтердің бірі. Бүгін 23 сәуір – Халықаралық кітап және авторлық құқық күні.

Арабтың «кітап» деген сөзі қазақша «жазу», «жазба» деген мағынаны білдіреді. Кітаптың шығу мен дамуы сол жазу өнерінің пайда болуымен тығыз байланысты. Ол қажетті материалдардың ойлап табысуына және техниканың дамуына сәйкес жетілдіріле берді. Ежелгі заманда Мысыр мен Шығыс елдерінде, Греция мен Римде кітап қыш тақталарға жазылды. Кітап тас бетіне де қашалып жазылды.Түркі халықтарының көне жазба мұрасы болып табылатын «Орхан – Енисей жазба ескерткіштерін» (7-9 ғ.) ашық аспан астында тұрған тас кітаптар деп айтуға болады.

Қазақ тілінде кітап шығару ісінің тарихы 1800 жылы Қазан қаласында ашылған бірінші Азиялық баспаханадан басталады. Қазақ тiлiндегi ең алғашқы кiтап – 1807 жылы Қазан қаласында басылып шыққан «Сейфүл – Мәлiк» қиссасы. Жалпы, 1917 жылға дейін қазақ тілінде жеті жүзге жуық кітап басылып шыққан екен. Кеңес үкіметі кезінде баспа ісі мемлекет қамқорлығында болып, елде танымал ақын-жазу­шылардың шығармаларының таралымы жүз мыңдаған данаға жеткен. Бүгінгі таңда Ұлттық мем­лекеттік Кітап палатасының мәлі­меттері бойынша, елімізде 315 баспа мен кітап шығару ісімен айналысатын мекеме тіркеліпті. Олардың 208-і Алматыда шоғырланған.

anel19999 anel19999    2   05.05.2021 14:21    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi