-тапсырма. Мәтіндегі қою қаріппен берілген сөздер мен сөз тіркестеріне сұрақ қой. Күрделі сөздерді тап. Оларды қатыстырып, сөйлем құра. 1961 жылы 12 сәуірде адамзат тарихында тұңғыш рет Юрий Гага- рин «Восток» ғарыш кемесімен «Байқоңырдан» ғарышқа аттанды. 1991 жылы 2 қазанда қазақтың тұңғыш ғарышкері Т.Әубәкіров «Союз Т-13» ғарыш кемесімен «Байқоңырдан» ғарышқа көтерілді. Ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша қазақ ғарышкері — Т.Мұсабаев ғарышта 2 рет (1994, 1998 жылдары) болды. «Байқоңыр» кешенінен Қазақстан Республикасының аумағына жылы- на 30-35 мың тонна улы зат таралады. Ракеталардан түскен қалдықтар Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарына зиян келтірді.