Тапсырма .Мәтінді түсініп оқы.
Скандинав елдерінде экологиялық жағдайы жақсы.Швед дүкендері қайтадан қағаз орамаға көшіпті.Қазақ даласын неше түрлі полиэтилен пакет пен пластик бөтелке улап жатыр!
Дүкеннен алған тағамдарды кемінде он пакетпен көтері келеміз. Аптасына екі рет дүкенге барсақ,жиырма пакет жиналады.Нан мен ет полиэтиленмен оралады.Қаймақ,ірімшік,балмұздақ,түрлі тәттілер пластик қораптарға салынады.
Жуынатын заттардың қорабы мен құтысы-пластик.Киім тазалайтын орын оны пластикпен орап қайтарады.Сатып алған кітап,оқулық,дәптер,қаламды «фирмалық»пакетпен береді. Не керек,баяғы кеңестік замандағы торқалта,кенеп дорба,тіпті шыны бөтелкенің орнын полиэтилен өнімі басты.
Кендірден тоқылған торды,кенептен тігілген дорбаны тастауға болады.Өйткені олар табиғи шикізаттан жасалған.Олар шіріп,топыраққа айналады.Пластик бұйымдарды жағу өте қатерлі.Ауаға зиянды заттар бөлінеді.Адамдар мен жан-жануар уланады.Сондықтан шведтер целлофан, полиэтилен,пластик пакеттерден бас тартқан.Олар орама қағаздарды қолданады.
3-тапсырма.Берілген мәтінді оқып,жоспар құр.
4-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша диалог құрастырыңыздар. Диалог барысында сөйлеу этикеті формаларын қолданыңыздар.