Тапсырма: І. Мәтінді оқып шығып, орыс тіліне аударыңыз және қазақша мазмұндап беріңіздер.
Жоспарлаудың мәні және маңызы

Жоспарлаудың мәні және негізі: жоспарлы жұмыстың артықшылығы жоспарлау базасында мақсаттар мен міндеттер анықталады, сонымен қатар осы мақсаттарға жету амалдары қарастырылады.
Мысалы фирманың мақсаттарын әдетте оның қоғамдағы мақсаткерлігіне көңіл бөліп және жоспарлау принциптеріне сүйене отырып бекітеді. Принциптерге мыналар жатады:
- Фирма мен тұтынушының өзара пайдалылығының арқасында фирманың өсуі;
- Қоғамдағы қызмет көрсету жолымен пайда алу.
- Жоспарлау пирамидасы (жоғарыдан төмен), ұйымның мақсаткерлігі, ұйымның мәдениетін анықтайтын ұйымның принциптері, ұзақ мерзімдегі ұйымның мақсаттары мен міндетттері, тиімділік параметрлері, жоспарланған параметрлердің стратегиясы немесе амалдары, көзделген стратегиялардың тактикасы немесе құралдары.
Негізделген мақсаттар нақты көрсеткіштерге көрінеді. Олар: сату көлемі, өсім қарқыны, пайда, нарықтағы үлес, фирманың тұрақтылығы, капитал құрылымы, әлеуметтік мақсаттар.
ІІ. Берілген сұраққа толық жауап беріңіздер.
Іс жоспары дегеніміз не?
ІІІ. Сөздікті жазып алып жаттаңыз, сөйлем құрастырыңыз.
Жоспарлау, қоғам, тұтынушы, анықтау, тиімділік, тұрақтылық, әлеуметтік, өсім қарқыны, нарықтағы үлес.
ІҮ. Келесі сөздерді аударып, сөз тіркесін және сөйлем құрастырыңыз
Астық, әлем, мұнай, ену, жағдай, болған емес, арттыру, шағын, орта, нарық, нарықтық қатынас, нарықтық экономика, ішкі өнім, үлес, өсу, іс, жүргізу, жеке, жалпы, жалпы ішкі (валовый внутренний), жеткізу, салым.
Ү. Сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз
Шағын бизнес Ауыл шаруашылығы Орта бизнес Өнеркәсіп шаруашылығы Үлкен бизнес Кәсіпкер шаруашылығы Жеке бизнес Халық шаруашылығы
ҮІ. Мына сөйлемдерді болымсыз түрге айналдырыңыз.
Әсет дүкеннен шыққан. Мына кітап оқылған. Олар тағы кездесер. Студенттер жаттығуды орындаған. Сәуле осы жерге жиі келетін. Ұшақ уақытында қонған. Әкем жұмысқа ерте кететін. Бүгін Сәния ерте келер. Анау қалаға баратын автобус. Бұл жақсы оқитын бала. Біз үйде болдық.

скрытник скрытник    1   09.03.2021 07:43    2

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi