Тапсырма Мәтінді оқып шығып, көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Оз көзқарасыңызды жанжакты
тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.
Өз жұбыңызды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын екі
сұрак койыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысыңыз, пікіріңізді
білдіріңіз.
[10]
Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті
Бұл өмірде адамдардың жандүниесін танып-білудін, әрқайсысының санасезімімен санаса
келіп, олардың жеке-дара өзгешеліктерін түсіне білудің маңызы айрықша. Ол әрине, өзара
қарым-қатынас жасау, сыйласу барысында анықталатын қасиеттер. Тек есте болатын бір
жағдай, жеке адамның әртүрлі ерекшеліктерінің дамып, қалыптасуы оның озі өмір сүріп
отырған ортасына, ондағы қоғамдық қатынастарға (экономикалық, саяси) тәуелді. Омірдің
бір орында тұрмайтыны белгілі. Адамның айналасындағы жағдайлар үнемі өзгеріп
отыратындықтан, оның әртүрлі психикалык өзгешеліктері де біртіндеп өзгеріске түседі.
Соған қарамастан, адам тану бойынша зерттеу жүргізушілер адамның сыртқы кескін-
келбеті, жүріс-тұрысы, сөйлесу, сәлемдесу әдебі, ұйықтау, отыру мәнері арқылы-ақ оның
қандай мінезді, ақыл-парасатынын, ерік күшінің, белсенділігінің қаншалықты екенін
аңғаруға болады деп есептейді.
Мінез
Мінез - бұл адамның әлеуметтік мінез-құлқының ерекшелігі. Ол әлеуметтік топтағы жеке
адамның өмір қалпын бейнелейді және жүктелген іске, адамдарға қарымқатысынан көрініп
отырады. Күнбе күнгі тіршілікте адам, әдетте, менмен не көпшіл, қайырымды не сараң,
биязы не дөрекі, батыл не солқылдак, табанды, ержүрек не байбалаңыл болып
сипатталады. Бұл сөздер арқылы адамның бір нәрсеге (моральдық қасиеттер), не мінез-
кұлык амалына (жеке адамның ерік сапалары) қатысы аталады. Олай болса, мінездің
негізіне жеке адамның моральдық-еріктік қасиеттері жатады,
Жеке адамға не адамдар тобына тән өзіндік қарым-қатынастар, мінез-құлық пен
қимыл қозғалыстардың тәсілдері - кісінің танымы мен іс-әрекетінде, тәрбие мен өзін-өзі
тәрбиелеу үрдісінде қалыптасады
помгите