Тапсырма: Мәтінді мұқият оқып, көтерілген негізгі мәселені анықтаңыз. Автордың көзқарасына сілтеме жасай отырып, өз пікіріңізді аргументтер мен мысалдар арқылы дәлелдеп, қорғаңыз.

Еліміздің демографиялық ахуалы Халық санын көбейту – қоғамның негізгі мәселелерінің бірі. Халық саны жөніндегі толық мәліметтерді халық санағы береді. Біздің елімізде халық санағы әр 10 жыл сайын ұйымдастырылады. Әр санақ аралықтарында қорытынды есеп беріліп отырады. Ал елдің, аймақтың, елді-мекеннің халқының саны екі түрлі факторға байланысты болады. Бірінші фактор – туу мен өлудің нәтижесінде ұрпақ ауысуы немесе халықтың табиғи өсімі, ал екіншісі – адамдардың бір жерден екінші жерге қоныс аударуы. Бүгінде елдің орнықты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін азаматтардың денсаулығын жақсарту мәселесіне назар аудару керек. Осы мақсатта 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы туралы Жарлық шықты. Бағдарлама қазақстандықтардың денсаулығын нығайтуға және халықтың өмір сүру ұзақтығын арттыра отырып, жалпы және ана мен бала өлімін, сондай-ақ әлеуметтік мәні бар ауруларды төмендетуге, денсаулық сақтау саласының бәсекеге қабілетті жүйесін қалыптастыруға ықпал етуді көздеді. Осы бағдарламаның көмегімен өмір сүру ұзақтығы 2010 жылы 68 жастан 2014 жылы 76 жасқа дейін ұзарды, ана және бала өлімі, өкпе аурулары, онкологиялық және жүрек-қан тамыры ауруларына шалдығу азайды. «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының жүзеге асырылуы барысында демографиялық көрсеткіште оң динамика байқалып, 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламаның екінші толқыны қабылданды. Еліміздегі халық санының көбеюі артып келеді. Бастапқы кезде жыл сайын 200 мыңнан астам бала дүниеге келетін болса, қазір 400 мыңнан артық сәби дүние есігін ашады. Міне, осындай тұрақты мемлекеттік қолдаудың арқасында Қазақстан халқының саны 18 миллионнан асты. ​

EgorJORDAN EgorJORDAN    1   21.10.2020 13:06    1

Ответы
SKoteickaЗ SKoteickaЗ  20.11.2020 13:07

Объяснение:

автор бізге елге деген курметпен карасын деп айтты

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi