Тапсырма. Мәтінді мұқият оқыңыз. Төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Сақтар елі – өркениетті ел. Көшпелілер арасында жауынгерлер, қолбасшылар және батырлар болды. Олар өз елін қорғады, атпен жүрді. Қолбасшылары данышпан болды, ал жауынгерлері мен батырлары күшті, ақылды, батыл еді.
Атақты грек тарихшы Геродот: «Скифтер өте данышпан, жауынгер халық. оларды ешкім жеңе алмайды»,- деп айтты. Грек тарихшыларының айтуына қарағанда, сақтар «дұшпанға – қатал, досқа – адал» болған.Олардың қаласы, қамалы жоқ. Баспанасын өздерімен алып жүреді. Бұл – киіз үй. Киіз үй ыңғайлы, көшіп-қонуға жеңіл. Өздерін, аттарын сауытпен қорғаған. Сақ жауынгерінде қару-жарағы мен сауыт-сайманы көп болды.
Сақтар қандай шаруашылықпен айналысқан?
Сақтар мал шаруашылығымен айналысқан. Сақтардың мал шаруашылығы Қазақстан аумағында әр түрде таралды. Батыс және Орталық Қазақстанда - көшпелі мал шаруашылығы қалыптасса, Шығыс Қазақстанда, Алтай, Тянь-Шань тауларының етегінде, Жетісуда - жартылай көшпелі мал шаруашылығы өріс алды. Ал Оңтүстік Қазақстан, Талас, Сырдария, Шу, Келес өзендерінің аңғарында отырықшы мал шаруашылығы дамыған. Сонымен қатар бұл жерлерде суармалы егіншілік те басым болды. Сақтардың өмірінде жылқы өсіру маңызды орын алды. Аса жүйрік аттарды көсемдер мен атақты жауынгерлер мінген
из текста три местоимения