Тапсырма. Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіннен термин сөздерді теріп жазыңыз Әлемде алғаш рет диаметрі 22 метрлік, салмағы 300 тоннадан тұратын, күннің түсуіне қарай түсін өзгертетін «хамелеон» әйнегінен жасалынған шар биіктігі жағынан рекордқа ие болды. Біздің бас қаламызда бой көтерген бұл «Бәйтерек» монументі Астананың басты көрікті орны ғана емес, тәуелсіз Қазақстанның сәулеттік символына айналды.

Монумент құру идеясының авторы – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Елорданың бас жоспары аясында салынған нысанның сызба-жобасын әлемдік сәулет өнерінің шеберлері жасап, Ресей академиясының сәулетшілері, белгілі жапон сәулетшісі Кисе Курокава және «Ақорда» қазақстандық жобалау-құрылыс компаниясы орнатты.

Өзінің тарихи тамырын сақтап, берік негізін нығыздайтын, болашаққа бағдар жасайтын, мемлекетті түсіндіріп беретін монументтің мағынасы терең. Эпикалық түсіндірмесі бар. Халқымыздың дүниетанымынан хабар беретін, ұлттық ерекшеліктеріне сай құрылған ғажайып ғимаратқа бүгінде Астанаға келген әрбір адам ат басын тірейді. Заманауи тілмен өрсек, «Бәйтерек» Астананың «визит картасына» айналды.

123Emre 123Emre    2   22.11.2020 12:02    6

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi