Тапсырма Мәтінді екі рет мұқият тыңдап, ондағы тірек сөздерді анықтаңыз. Тірек сөздердің көмегімен төменде берілген жұлдыздың ортасына мәтінге ат қой
Жұлдыздар жерден өте көп қашықтықта орналасқан. Жай көзбен қарағанда аспан әлемінде 3 мыңға тарта жұлдыз көрінеді. Ал қазіргі заманда ең жаңа құралдармен есепке алынғандарының саны бірнеше миллион. Ғалымдардың болжауынша, жұлдыздардың жалпы саны әлденеше миллиардтан асып кетеді. Жерге ең жақын жұлдыз - Күн. Оның төңірегінде ірі аспан денелері планеталар айналып жүреді. Ғаламшарлар - өзінен жарық шығармайтын салқын денелер. Жердің серігі - Ай. Дегенмен олар да жұлдыз сияқты жылтырап көрінеді. Өз кезегінде планеталардың төңірегінде олардың серіктері айналып жүреді. Күн және оны айналып жүретін планеталар мен олардың серіктері Күн жүйесін құрайды. Ғарыш кеңістігінде шек жоқ. Оның кеңдігі соншалық аспан денелерінің бір-бірінен қашықтығын Жердегі өлшеммен, айталық километрмен өлшеу мүмкін емес. (107 сөз) /5/
2.Тапсырма
Төменде берілген сөздердің синонимін мәтіннен тауып жазыңыз. /2 /
Сөздер
Синонимі
ғаламшар
алыс
жетілген
таяу
3.Тапсырма. Берілген сөздердің мағынасын мазмұнды негізге ала отырып, толықтырып жазыңыз. /3/
Сөздер мен сөз тіркестері
Мағынасы
Ішкі планеталар
Сыртқы планеталар
Астероидтар
Дескриптор Білім алушы
1 тапсырма
- мәтінді тыңдау барысында 5 тірек сөзді анықтайды;
- тірек сөздерді жұлдыздың бес бұрышына жазады;
- тірек сөздердің көмегімен мәтін тақырыбын болжайды;
2 тапсырма
- мәтінді тыңдау барысында төрт сөздің синонимін мәтіннен тауып жазады;
3 тапсырма
- үш сөз бен сөз тіркесінің мағынасын толықтырып жазады.