тапсырма. Мәтінді алдыңғы мәтінмен байланыстырып, ортақ ойды анықтаңдар. Мәтін мазмұнынан автордың ойын бөліп алып, бағаландар. Ертеде қағаз болмағандықтан, сол заманның данагөй адамдары өз елі мен жерінің бостандығы үшін күрескен, қол бастаған ержүрек басшылардың ерлік істерін сына казуымен тас бетіне түсірген. Тас бетіне қашап жазылған жазулар бәрінен де жақсы сақталған. Орхон-Енисей өзендері бойынан табылған тас ескерткіштер Түрік қағанаты дәуіріндегі ел басқарушы Білге қағанның інісі, ержүрек батыр Күлтегіннің және қағандар кеңесшісі Тоныкөктің құрметіне қойылған ескерткіштер еді. Бізге белгілі үш жазба бар. «Кіші жазуды» Білге қағанның өзі жаздырған, ал оны тасқа қашап жазған - ғұлама бәдізші Иоллығ тегін. «Үлкен жазуды» да Білге қағанның өзі таңбалатып, інісі Күлтегін батырға арнаған. Үшінші жазба - Тоныкөк дананың өзі шығарған жыры. Бұлар VII ғасырда әрбір әрпі тасқа қашап жазылған көне түркі тіліндегі тұңғыш жыр-дастандар болатын. «Сен білесің бе?» энциклопедиясынан