Тапсырма. Мәтін үзіндісін мұқият тыңдап, сұрақтарға дәлелді жауап жаз. Cұрақтар:
1. Мәтінде айтылған нағыз достықтың үлгісін қалай бағалайсыз?
2. Шынайы достық өзіңді құрбан етумен ғана өлшене ме?
3. Дәл осы жағдаятта досты құтқарудың басқа да амалдары бар ма?
4. «Адамды досына қарап таны» дегенді қалай түсінесіз?
Екі дос егістікте жұмыс істейді. Бірі үйленген, бар. Екіншісі бойдақ. Күн батқанға дейін жұмыс істеп, достар тапқан өнімді тепе-тең екіге бөліп алатын. Күннің бірінде бойдақ болған досы ішінен : «Өнімді және шыққан пайданы тепе-тең бөлгеніміз дұрыс болмады,” – деп ойлайды, “Мен жалғыз тұрамын, сондақтан да айтарлықтай көп қажеттілігім де жоқ”. Осындай ойымен, түн сайын үйінен шығып, бір қап өнімді жасырын түрде досының үй алдындағы қорасына апарып тұратын болады.Досы да ішінен: “Өнім мен пайданы бірдей бөлгеніміз дұрыс емес, мен үйленгенмін, жұбайым мен балаларым бар – қартайғанымда олар маған қарайтын болады. Досымның болса ешкімі жоқ, қартайған кезінде оған қарайтын адам болмайды,” – дейді. Осылайша бұл досы да түн жамылып үйден шығып досының қорасына бір қап өнім апаратын болады. Осыған қарамастан екі қорадағы қаптар саны неліктен еш азаймағанын екі дос та түсінбей жүреді. Бір түні жасырын түрде бір-бірінің қорасына қап тасып жатқанда, бір-біріне соғылысып қалады. Сонда ғана болған жағдайды түсінеді. Қаптарды жерге қоя салып достардың бір-біріне деген адал ниеті мен достығы алдында көз жастарын тия алмады.

alex2258985 alex2258985    2   03.12.2020 15:39    4

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi