Тапсырма. Мəтін қай стильде жазылғанын анықтаңыз.
Əбу Насыр əл-Фараби (870-950)—қыпшақ даласынан шыққан ұлы энциклопедист ғалым. Ол əскербасының отбасында дүниеге келген. Отырар медресесінде, Шам, Самарқан, Бұқара, кейін Харран, Мысыр, Бағдат шаһарларында білім алған.
əл-Фараби—түркі ойшылдарының ең атақтысы, əлемдегі Екінші Ұстаз атанған ғұлама. Ол Орта Азия, Парсы, Иран, араб елдерін аралап, көптеген ғұламалар, ойшыл- ақындар жəне қайраткерлермен танысып сұхбаттасқан. əл-Фараби 70-ке жуық тіл білген. Ол—көп оқыған, ізденген ойшыл ғалым. Ғалым философия, логика, этика, метафизика, тіл білімі, жаратылыстану, география, математика, медицина, музыка салалары бойынша 164 трактат жазған.
Адамның өзін-өзі танып білуі туралы философиялық тұжырымдар жасаған. Бұл мəселені логика, этика, педагогикамен өзара сабақтастықта қарастырған.
«Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы», «Мемлекет қайраткерлерінің қанатты сөздері» жəне т.б. еңбектері осы уақытқа дейін өзінің құндылығын жоғалтқан жоқ.
«Ғылымдардың шығуы» деп аталатын трактатында математиканың шығу тегі мен себептерін ашуға тырысқан.
«Алжебрге түсініктеме», «Геометриялық фигуралардың егжей-тегжейі жөнінде табиғи сырлары мен рухани əдіс-айлалар кітабында» астраномия туралы айтқан. Ғалымның арифметика туралы «Теориялық арифметикаға қысқаша кіріспе», физика туралы «Вакуум туралы», медицина туралы «Адам ағзалары жөніндегі Аристотельмен алшақтығы жөнінде Галенге қарсы жазылған трактат» жəне музыка туралы «Музыканың ұлы кітабы» атты кітаптары – əлем мойындаған ғылыми еңбектер.
2 тапсырма. Мəтіннен терминдерді тауып, сөйлем құра.

тисрлю тисрлю    1   21.04.2020 07:38    3

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi