Тапсырма. "Кітап - білім бұлағы" (Книга-источник знаний) тақырыбында 5 сөйлем жазыңыз [ ] [5]


Тапсырма. Кітап - білім бұлағы (Книга-источник знаний) тақырыбында 5 сөйлем жазыңыз [ ] [5] ​

hadizat886 hadizat886    1   25.12.2020 18:53    0

Ответы
SnikerS205 SnikerS205  24.01.2021 18:59

ітап-аданың нағыз досы. Кітап ең құнды -қазына.Оның айтары іщінде.Сөзден өрнек құрып, кестеленген дүниені санада сәулелендіру, ешбір қимылсыз-ақ сізге мұң мен шаттық сыйлау келсе тек кітаптың қолынан келмек. Кітап ең жақын дос болғандықтан ол жақсылыққа үйретеді, жамандықтан жирендіреді. Кітаптың әр беті тұнып тұрған ақыл. Кітапты оқығанда сен бүкіл дүниені ұмытып кетесің.Кітаптан естімегенді естіп, көрмегенді көресің. Кітап- ақылшы,серік дос. Кітапты еріксіз оқығаннан ештеме де өнбейді. Кітаптың ішіне кіре отырып, үлкен махаббатпен оқыса ғана, кітаптың түпкі ойын түсінуге болады. Кітап біздің рухани азығымыз. Біз кітаптан нәр аламыз. Ғалымдардың айтуынша, кітап оқу рухани жетілуге ғана емес, тән саулығыеа да әжептәуір пайдалы екен. Бүгінде медицина ілімінде үлкен мидың жұмысы бүкіл ағзаға тікелей әсер етеді делінген. Кітап оқу ауызша, жазбаша сөйлеу мәдениетін жоғарлатады. Тұлғаның өзін-өзі дамытуына ерекше ықпал етуші құрал-кітап, ал оның әлемі кітапхана. Кітапхана білім мен ғылымның, мәдениеттің орталығы, қасиетті орта. Кітаптың иісі мен тыныштық жайлаған осындай кітапханалар кітап сүйер қауымның сүйікті мекені болып қала бермек. Бүгінде кітапты таңдай білу, оны зейінді зеректікпен мұқиат талдап оқып білу-нағыз өнер. Соншама сөздің, ойдың құдіретін түсініп, одан алған кермет әсерлерді кейінгі өмірлік қажетіңе шама-шарқынша жарата білу қажет. Көз жетпейтін жерге ұшқыр ой жетеді. Ал сол ойдың жүйріктігін жетілдіретін де, сөзге шешендігін шынықтыратын да –кітап екені ақиқат.Сондай-ақ оқыған кітабыңдағы айтулы кейіпкерге еліктеудің өзі, тіпті автордың өзі сяқты тұлға болуға құлшыну, бұл-теңдесі жоқ құбылыс. Демек, кітап оқу, бұл-текті кісілікке, адамгершілікке, кемеңгер көрегендік пен мәдениеттілікке қол жеткізу. Артық білім –кітапта ерінбей оқып көруге деп Абай атамыз айтқандай жалықпай кітап оқуымыз керек. Бұл дүниеде мен пір тұтар, сырласар ақылшы досым ол-кітап. Мен кітап оқығанда барлығы да бір сәтке ұмытылып, басқа бір жұмақты өмірге сапар шекендей боламын. «Білекті бірді, Білімді мыңды жығады» демекші, әлемді билеп төстейтін күш емес, кітап. Сондықтан кітаппен дос бол. Оқы ,оқы және оқы.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
ksenia7567012 ksenia7567012  24.01.2021 18:59

Кітап білім бұлағы. Кітап білімнің қайнар көзі. Онсыз, яғни кітапсыз өмір сүру XXI ғасырда мүмкін емес екендіге мәлім. Кітап қана дәл мәнді білім береді, себебі ол адамды терең ойлауға жетеледі. Әр адам кітаптың беттің ашқан сайын оның әлемінің тылсым табиғаттын, жаңа құндылықтарды үйренеді . "Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол" деп текке айтылмаған. Кімде де болса білімділікке сәл-пәл болсада құштарлығын дамытуға көмектеседі. Кітап оқыған адамның шетте калмасы анық.

Қазіргі заманың техниканың дамуына байланысты "кітапханалардың болашағы жоқ" деген сөздің қисыны келмейді. Себебі, компьютер адамның денсаулығыны, әсіресе көзіне зиян. Егер кітапхана болмаса бізден көз қалама. Сондықтанда болашақ адамның өз қолында - кітапхананың әлі де болса маңызы бар екенің дәлелдейік.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi