Тапсырма Берілген мәтінді оқи отырып, төмендегі сұрақтарға

жауап беріңіз.

1) Халықтың өсуін қолдап жатқан елге нақты мысал келтіріп,

демографиялық саясатын түсіндіріңіз ?

2) Халықтың кемуін қолдап жатқан елге мысал келтіріп,

демографиялық саясатын

түсіндіріңіз?

3) Еліміздегі халықтың өсуіне қатысты қандай демографиялық

саясат ұсынар едіңіз?

Білім алушы

Елдің демографиялық проблемаларын шешу мақсатында

мемлекет тарапынан табиғи өсуді реттеуге бағытталып, жүргізетін

шараларының жиынтығы-демографиялық саясат.

Қазақстанның демографиялық саясаты негізгі үш бағытта

жүргізіледі.

- Экономикалық – бала күтуге байланысты ақылы демалыс беру, бала

туылған кездегі әртүрлі жәрдемақылар.

- Әлеуметтік-демографиялық – көп балалы жанұяларға мемлекет

тарапынан пәтер беру, тегін медициналық көмек, жоғарғы оқу

орындарында тегін білім алу.

- Әкімшілік-құқықтық – ішкі және сыртқы көші-қонды реттеу,басқа

елдерден қандастарымызды шақыру.

Қытайдағы “Бір отбасы- бір бала саясаты” термині Қытайдың өзін-

өзі асырай алмау қаупін төндірген халық санының жылдам өсуін

баяулатуға бағытталған шаралар жиынтығын анықтайды. Бұл

саясаттың негізінде, әрбір жанұяға бір баланы ғана дүниеге әкелуге

рұқсат етіледі. Нәтижесінде Қытай халқын 400 миллионнан артық

адамға азайтуға мүмкіндік береді.​

NarutoUzumaki1999 NarutoUzumaki1999    2   15.03.2021 11:00    30

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi