Тапсырма Берілген эпизодтарға негіздеме жасаңыздар. Шығармадан үзінді Менің пікірім 1.Әй, мен сендерге бірқызық айтайынба ,-деді ол сүйінші тұрғандай қуанышты үнмен. -Мен бүгінтаңалдында түсімде ағамды көрдім. Рас айтам. Түнде жатарда ағамның пальтосын басыма жастап, көпке дейін иісін иіскеп жатқам. Ағамның иісі сіңіп қапты. Бір түрлі жусанның иісі сияқты жақсы иіс. Мен бүйтіп жағасына мұрынымды тығып алдым да ұзақ-ұзақ иіскедім... Әжем ылғи: «ағаңды анау Жусанды төбенің үстінде, мал қайырам деп жүргенде, айдалада тапқанмын» дейтін... Менің ағамда жусанның иісі содан қалған... Сөйтіп жатып ұйықтап едім, түсіме кірді...
2.Өзі жетім болған соң ба, кім білсін, Аянның ертегілері көбіне жетім бала туралы болушы еді. Жетім баланың тағдырына байланысты үрейлі ертегіні бастаған кезде, ауылдың шетіндегі сай-саланы, жыра-құзды тегіс: жалмауыз кемпірлер, жезтырнақтар, жалғыз көзді дәулер, дию-перілер жайлап кеткендей болушы еді.