Тапсырма. Берілген екі мәтінді оқып, салыстырыңыздар. Ондағы адамдардың қарым-қатынасы қандай құндылықтарға негізделгенін анықтап, дәлелдеңіздер. а) Бір адам Ұстазға келіп: «Мен Адамзатты, бүкіл әлемді шын беріліп сүйгім келеді, маған соның жолын көрсетіңізші» депті. Ұстаз одан: «Сен бір адамды шын беріліп сүйіп көрдің бе?» деп сұрапты.
«Бұл мені қызықтырмайды, маған күллі адамзатқа барар жолды көрсетіңіз» дейді ол.
Ұстаз: «Бұл жол сен үшін жабық. Сен әуелі бір адамды сүйе білуге тиіссің. Бір адамға, яғни ең жақыныңа деген махаббат – алғашқы баспалдақ. Алғашқы баспалдақты баспай жоғарғы сатыға қалай шықпақсың. Адамзат, бүкіл әлем – бұл жолдағы ең соңғы саты» деп жауап берген екен. (Өсиет әңгіме).
ә) Бір кісі баласымен тауда серуендеп жүр еді, баласы шалынып құлап түседі. Ауырған жері жанына батқандықтан «А-а-а!» деп айқайлап жібереді. Жандарындағы таудан «А-а-а!» деген дауыс естілгенінде бала таң қалады.
Ешнәрсені түсінбеген бала: «Сен кімсің?» деп айқайлайды. Алған жауабы тағы да: «Сен кімсің?» болып келеді.
Бұл жауапқа ашуланып: «Сен қорқақсың!..» деп айқайлайды. Таудан
келген дауыс «Сен қорқақсың!» деп жауап береді.
Бала әкесінен: «Әке бұл не?» – деп сұрайды. Әкесі: «Балам тыңда да, үйрен!» деді де, тауға қарап: «Мен саған қайран қалдым!» деп ай