Тапсырма 3. Мәтіннен аналитикалық тәсілмен жасалған туынды зат есімді тауып, олардың құрамын, құрамындағы морфемалардың мағынаға қатысын, ол сөздердің бір-бірінен айырмасын, ұқсастығын түсіндіріңіз. Қызғаныш пен аяныш екі жақтан қысқан адал жан бір тыныс іздегендей ауыр күрсініп, Шығанаққа қарады (Ғ.Мұстафин). Абайға бұл ананың мейірімі, тіпті, қымбат адамшылық, шын рақымшылық болып танылды (М.Әуезов). Ұрпақты біз мұрагеріміз болады, халқымыздың санын толтырады деп өсіреміз (Ш.Жиенқұлова). ауыл адамдарының бірлі-жарымы сықылықтап күле бастады. Ымы-жымы, қулық-сұмдығы бір қулар болмасын (Б.Майлин).