Тапсырма 2 Сөйлемдегі тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелердің астын сызыңыз.
Ақша - тауарлар мен көрсетілген қызметтердің өлшемі болып табылады. Ол кез келген тауарлар
мен көрсетілген қызметтерге айырбасталатын ерекше тауар. Ертеде ақша орнына жібек
пайдаланылған. Жібекті патшалар мен хандарға тарту еткен. Кейін ақшаның орнына алтын, күміс
сияқты бағалы заттар келді. Ал қазір қағаз ақшалар пайдаланылады. Сенің жеке шаруашылығың
бар. Оны сен өзің жүргізесің. Шаруашылықты жүргізгенде үнемшіл бол. Шаруашылығыңды
жүргізген кезде айналаңдағы адамдармен санаса біл. Банкирлер адамдардың жинақтарын
молайтуға көмектеседі. Олардың бұл әрекеті адамдардың жағдайын жақсартуға әсер етеді.
Тапсырма 3 Сөйлемдегі тұрлаусыз мүшелердің астын сызыңыз.
Валюта - белгілі бір елде қабылданған ақша жүйесі және сол елдің ақша өлшемі. Тұрақты валюта -
алтынмен немесе басқа құнды заттармен қамтамасыз етілген бағасы бар валюта. Дүние жүзінің
валюталары үш топқа бөлінеді: 1 Басқа валюталарға айырбасталатын. 2 Тұйық валюта, бұл тек
сол елдің өз шекарасында ғанажүреді. 3 Шектелген валюта, ол кейбір басқа валюталарға ғана
айырбасталады, белгілі валюталық аймақта қызмет етеді. Қазір көптеген елдерде кағаз ақша
валютасы пайдаланылады. Тапсырма 4 Экономикалық сөздермен тұрлаулы және тұрлаусыз
мүшелері бар сөйлемдер құрастырыңыз. Тұрақты валюта, кұнды заттар, қамтамасыз ету, арзан,
айырбастау, айырбасталатын, тұйық валюта, пайдалану, айналым, қатынас, ақша өлшемі.
Тапсырма 4 Сөйлемдегі тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелердің астын сызыңыз.
Іскерлік кездесулер (мәжілістер) - басқару әрекетінің маңызды формасы болып табылады.
Мәжіліс кезінде басшы мен оның қызметкерлері арасында ақпараттармен алмасады, басқару
шешімдері қабылданады. Іскерлік мәжіліс - кәсіпорында туындайтын күрделі және өзекті
мәселелерді оңтайлы шешімін табуға ұжымдық ойды тарту әдісі. Мәжілісте қызметкерлер
ұжыммен жұмыс істеу, ортақ мақсатты шешуге кешенді тәсілді қолдану, ортақ шешімге келу,
қарым-қатынас мәдениетіне үйренеді және т.б. Кейбір қызметкерлер үшін іскерлік мәжілістер -
жоғарғы деңгейдегі басшыларды көру және тыңдаудың жалғыз мүмкіндігі болады.