Тапсырма №2. Берілген тірек сөздерді пайдаланып, дескрипторға сәйкес мәтін құрастырып жазыңыздар. Используя слова и словосочетания, составьте текст. Тақырыбы: Таулар туралы не білемін? Что я знаю о горах? Тірек сөздер: таулы, таза ауа, құстар, жануарлар, көл, биік таулар, таудың басы, таудың етегі, қар, аласа таулар,таудың биіктігі, биік шың, орналасқан. Тапсырма №1. Суреттерге қарап, тауларды салыстыр. Әр тау туралы білгеніңді еске түсіріп, сипаттап айт.1- тапсырма 66 бет.Посмотрите на картинки гор, сравните их и голосовым сообщением расскажите.
Хан-тәңірі шыңы Жоңғар Алатауының оңтүстігі
Мұғалжар таулары Сарыарқа таулары
азақтың усақ шоқысы Орталық Қазақстанның көп жерін алып жатыр. Ол батысында Торғай үстірті мен Тұран ойпатына дейін жетіп, шығысында Сауыр-Тарбағатай тау жүйелерімен, оңтүстігінде Балқаш көлі жәнө Бетпақдаламен, солтүстігінде Батыс Сібір жазығымен шектесетін ұланғайыр аумақты құрайды.
Батыстан шығысқа карай 1200 км-ге созылған. Батысында ені 900 км-ден астам, ал шығысында — 350 км-ге жуық.
Сарыарқа — Қазақстан жеріндегі ең ежелгі, мүжілген аласа таулы өлке. Абсолюттік орташа биіктігі 500-600 м. Оған миллиондаған жылдар бойы жел мен жаңбыр, ыстык пен аяз, қар мен ағын су күшті әсер еткен. Бір кездегі биік таулар сырткы күштердің әсерінен мүжіліп, алуан түрлі жер бедерлері қалыптасқан. Аласа таулар, қырқалар, ұсак шоқылар, жазықтар пайда болды. Сарыарқа орталығы мен шығысында биіктеп келіп, солтүстігінде, оңтүстікке және батысқа қарай бірте-бірте аласарады. Ол Солтүстік Мұзды мұхит алабы мен ішкі тұйық алаптардың арасындағы суайрық болып саналады. Қазақтың қатпарлы өлкесі архей мен протерозойдың гранит, порфирит, кварцит, құмтас және тақтатасы басым болып келетін