Тапсырма 1.Мәтіннің бөліктерін тыңдап, әр бөлігіндегі тірек сөздерді анықтаңыз.
Отбасы дегеніміз – туысқандық байланыста бірлесіп өмір сүретін адамдар. Олар
отбасында мемлекеттік заңдар мен ережелерді сақтайды. Отбасы – а ң өсіпөнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын бесігі. Отбасында қалыптасқан барлық жақсы
қасиеттер өмір бойына серік болады. Оны ешкім түзете алмайды.
Тірек сөздер:
2.Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ана ерекше құрметтелген. Олардың тікелей үрімбұтақтары ата-аналарын қартайғанда қамқорлыққа алуға міндетті болған. Қазақстан
Республикасының Конституциясында ата-аналар мен олардан тараған балалардың
құқықтық қарым-қатынастары заңды түрде бекітіліп, өркениетті жолдармен қорғалады.
Ата-ана балаларының тәлім-тәрбиесіне қаншалықты жауапты болса, балалар да кейін әкешешелері қартайған шағында қамқорлық жасауға міндетті.
Тірек сөздер:
3.Қазақ отбасында әкенің орны ерекше. Әке – отбасының тірегі. Отбасы мүшелері әкені
тыңдайды. Ананың орны да ерекше. Әке де, балалар да ананы сыйлайды. Әке мен шеше
ақылдасып, үйленген ұлдарына енші бөледі, тұрмысқа шыққан қыздарына жасау береді.
Қазақ отбасында қыздың орны да үлкен. Қызды ерекше құрметтейді.
Тірек сөздер:
4.Кенже бала - отбасындағы ең кіші бала, кіші ұл. Кенже баланың өз отбасы болса да,
ата-анасымен бірге тұрады. Себебі ол – қара шаңырақтың иесі. Қара шаңырақ - үлкен үй,
әке-шеше үйі. Қара шаңыраққа барлық осы отбасының балалары, туыстары жиналады.
Қара шаңырақта балаға туыстарын, нағашыларын, ата-бабасын, үлкен аталарын, жеті атасын үнемі айтып отырған.

Тірек сөздер:​

AsyaBelova20061 AsyaBelova20061    3   16.10.2020 11:29    8

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi