Тапсырма - 1 Мәтінді өз бетінше оқу. ( Прочитать текст самостоятельно.)
Ертеде күн мен ай бір-бірін қатты сүйіпті. Екеуінен туған жұлдыздар олардың балалары болыпты. Жұлдыздар ай мен күндей жарқырайды екен.Олардың бақытын көре алмаған жын-перілер олардың сыртынан өсек айтып, екеуін айырылыстырып жіберіпті.Сол күннен бастап ай шұбырған балаларын ертіп күннің сонынан жүреді екен.Бірақ күн оған қарамай кетіп қалады.Сөйтіп үміт оты сөнген ай батып кетеді де, қайттан үміті оянып толады екен.Осы күнге дейін ай шықса күн батып, күн шықса ай батып кетеді екен.
Перевод на русский язык:
(В древности солнце и луна очень любили друг друга. Звезды, рожденные от них, были их детьми. Звезды сверкали как луна и солнце. Шайтаны, которые завидовали их счастья, сплетничали о них и развели их. С этого дня луна следовала за солнцем со своими детьми. Но солнце не смотрело на него. По сей день, когда восходит луна, солнце садится, и когда солнце встает, заходит луна)
Тапсырма - 2
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріп, жауаптарды дәптерге жазыңыз. (ответьте на вопросы по тексту и напишите их в тетради)
1. Мәтін кейіптеуге жатады ма? Көрсет.
2. Мәтінде сипаттама кездесті ме?
3. Мәтіннен теңеулер бар ма? Тауып жазыңыз.
4. Ай мен күн не себепті айырылысып кетті
5. Айырысып кеткен соң ай не істеді?
6. Осы күнге дейін ай мен күн не істеп жүр?