Тапсырма 1. Мәтінді тыңдаңыз. Сөйлем мазмұнына сай көп нүктенің орнына берілген сөздер
мен сөз тіркестерін қойыңыз (аумағымен, шымылдығын, сән-салтанатымен).
«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры Қазақстан Республикасының
Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен 2010-2013 жылдары
салынды. Театрдың салтанатты ашылуында Елбасы: «Зауыттар мен жолдар салатын ел,
берік тірегін болашак жылдар бойына орнатады. Мектептер мен аурухана салатын ел, ұлт
болашағының ондаған жылдар бойғы қамын жейді. Театр тұрғызатын ел ғасырлар аркылы
болашағына көз тігеді», - деген еді.
Есілдің сол жағалауында орналасқан «Астана Опера» театры аскак сән-салтанатымен
көз тартады. Ғимараттың жалпы ауданы 64 мың шаршы метр. Оның 3000 шаршы метрін
сахна аумағы алып жатыр. «Астана Опера» өзінің көлемімен ғана емес, сонымен қатар,
әсем сәулетімен де таң қалдырады. Әлемдік сәулет өнерінің ең үздік классикалык
дәстүрлері ескеріле салынған театр сәулетінде ұлттық нақыш айқын байқалады.
Театрдың Үлкен залы 1250 орынға есептелген, ал Камералық зал 250 адамға арналған.
Техникалық мүмкіндіктері бойынша «Астана Опера» көптеген әлемдік театрлардан асып
түседі десек артық айтқандық емес.
2013 жылдың 21 маусымында театр өзінің алғашқы маусымын М.Төлебаевтың ұлы
туындысы Абзал Мұхитдиновтың жаңа музыкалық редакциясындағы «Біржан-Сара»
операсымен салтанатты түрде ашты.

мәтіннен ең маңызды 5 тірек сөзді жазыңыз

eliot40 eliot40    1   29.11.2020 17:03    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi