Тапсырма 1. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз. Экономикалық терминдерді тауып, мағынасын түсіндірңіз. Ғылыми тіл - ғылыми ақпараттың логикалық ұйымдасқан формасы. Ғылыми қызметтің ғылыми стильмен жазылған мәтінге айналуы бірден жүзеге аса қоймайды. Ғылыми ақпараттардың ғылыми стильге тән тілдік формаларда көрінуі үшін шығармашылық ойлаудың бірнеше кезеңін басынан өткізеді.
Ғылыми тілдің мәдениеті жаңа білімді бұрынғы белгілі білім контексінде дәлдікпен, логикалық жағынан жүйелі, эстетикалық түрде жеткізуде болса керек. Ғылыми тілдің коммуникативті мәнін дұрыс түсіну және оның тіл мәдениетін шынайы игеру ғылыми шығармашылықтың нәтижелілігіне жетелейтін қажетті алғы шарт. Сондықтан ғылыми тіл мәдениетінің нормаларын жетік білу - ғылыми ізденіспен айналысатын әрбір маманның міндеті. Сонда ғана ғылыми қарым-қатынас аясында тілді қолданудың шеберлігіне қол жеткізуге болады.
Ғылым тілі айтылатын ойдың анықтылығын, дәлдігін, дұрыстығын және кез келген ғалым түсінерліктей дәйектілігін қалыптастыруы тиіс. Мұны белгілі бір ұғым, мәселе турасындағы логикалық жағынан тұжырымдалған толық хабарлама десе де болады. Сондықтан логикалық маңызы зор.
Тапсырма 2. Мәтіндеге байланысты, бақылау сұрақтарына жауап беріңіз.
1. Ғылыми тіл дегеніміз не? Ғылыми ақпараттың логикалық ұйымдасқан формасы.
2. Ғылыми сөйлеудің кәсіби қаржыгер қызметіндегі рөлі қандай?
3. Ғылыми тілдің коммуникативті мәні?
4. Ғылыми стильдің нормалары?