Тапсырма 1.Мәтінді оқып, идеясын талқылаңыз. 2.Мәтіндегі көтерілген басты мәселені анықтаңыз. 3.Бірінші сөйлемді төлеу сөйлемге айналдырыңыз. 4.Соңғы сөйлемді төлеу сөйлемге айналдыру.

Қазақстандық саяхатшы
Қазақ жігіті жер шарын велосипедпен араламақ, - деп хабарлайды Азаттық.
26 жастағы Мағжан Сағымбаев 28 мың шақырым жолды жүріп өтпек. 2014 жылдың 1 мамырында басталатын саяхат 2015 жылы наурыз айында аяқталады. «Сапарымда Қазақстаннан бастап, Өзбекстан, Түркіменстан, Иран, Түркия елдеріне барамын. Одан әрі Еуропаның 18 еліне сапарлауды жоспарлап отырмын. Солтүстік Америкада АҚШ территориясын, Аустралия, Малайзия, Тайланд, Камбоджа, Вьетнам, Қытайды шарлап шығамын. Қытайдан кейін елге ораламын», - дейді саяхатшы. Ол күніне 50-ден 200 шақырымға дейін жол жүруді жоспарлап отыр. АҚШ-ты 100 күнде, Қытайды 90 күнде, Аустралияны 30 күнде аралап шықпақ. Мағжан Сағымбаев: «Әр қаладан көрген-білгенімді әлеуметтік желі мен блогым арқылы бөлісіп отырамын», - дейді.

Karinarpro Karinarpro    1   06.05.2020 11:18    5

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi