Тапсырма-1. Мәтінді мұқият оқып, ондағы тірек сөздерді, негізгі және қосымша ақпараттарды табыңдар. Достар – бір-біріне ұқсас жандар. Бір-бірін толықтыратын, бір-бірінің кемшілігін жауып тұратын адамдар. Дос, әсіресе, қиындықта сыналады. «Жаман дос жауыңмен бірге шабады» дейді халқымыз. Жаман дос – көлеңке дейді, яғни, басыңда күн барда қашып құтыла алмайсың, бұлт төнсе, іздеп таба алмай қаласың. «Біреу жаныңа жолдас, біреуі малыңда жолдас» дейді. Біреулер мал-дүниең мен қолыңда бар нәрсе қарап, дос болады. Мұндай достық ұзаққа бармасы анық. Ал шынайы жаныңа дос болатын адамның достығы да, бауырмалдығы да өміршең. Сыналар кезде, сыналады. Шыңдалар кезде, шыңдалады.
Адам достықты іздей бермей, өзі де дос бола білуі қажет. «Жолдасын тастаған жолда қалады» дейді. Немесе «күлме досыңа, келер басыңа» деп қысқа қайырсақ та болады. Досқа күлгенің – оның арына тигенің, оған сатқындық жасағаның. Досыңды сатқан күн әйтеуір бір уақытта айналып өз басыңа келеді. «Айырылмас досыңа қайырылмас сөз айтпа» дейді халқымыз.
Тірек сөздер:
Негізгі ақпарат:
Қосымша ақпарат:
Тапсырма-2. Берілген мәтінде мақал-мәтелді тауып, мақалды және мәтелді ажыратып жазыңдар.
Тапсырма-3. Берілген фразеологиялық тіркестердің мағынасын ашыңдар.
Үш ұйықтаса ойында жоқ -
Ертеден қара кешке дейін -
Қамшы салым жер -
Кіндік қаны тамған жер -
Саусақпен санарлықтай -
Жүрегінің түгі бар -
Түймедейді түйедей қылу -
Төрт құбыласы тең -
Бөркін аспанға лақтыру –
Тапсырма-4. «Ағаш тамырымен,Адам досымен мықты» дегенді қалай түсінесіңдер? Фразеологизм, мақал-мәтелдерді қолдана отырып, қысқаша әңгіме құрыңыз. Әңгіменің құрылымын сақтаңыз /кіріспе, негізгі, қорытынды бөлім. Орфографиялық нормаға сай, 7-8 сөйлемнен тұратын әңгіме құрап жазыңдар