Тапсырма 1. Берілген дәйексөзге сүйеніп, мәтінде көтерілген мәселені анықтап жазыңыз. 2. Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты анықтаңыз 3. Мәтіндегі 3 сөзге фонетикалық талдау жасаңыз. 1-мәтін Дәйексөз: Тарих толқынында өз ізін жоғалтпай, үнемі даму, ұлғаю, ірілену сияқты үдерістерді бастан кешкен біздің көне түркі тіліміз қазіргі уақытта өмір сүріп отырған бүкіл түркі тілдес ТЖБ Қазақша САБАҚ ВИДЕОКОНФЕРЕНЦИЯ Артқа Чат ашу 0 халықтардың тікелей сабақтастығының жемісі болып табылады. Талас өңіріндегі көне жазбалар – ежелгі түркі жазу мәдениетінің бастауы Бүгінгі таңда қазақ және өзге де түркі елдері алдында өзекті мәселелердің бірі ретінде руникалық түркі жазба ескерткіштерін зерттеу болып табылады. Орталық Азиядағы алғашқы ірі көшпелі ғұндар империясы біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ ғасырдың соңында құрылды. Ғұн тайпалары алтай тілдес тайпалар қатарына жатқанымен, оның құрамында әртүрлі тілдерде сөйлейтін тайпалық одақтар мен шағын р улар да бар еді. Осындай тайпалық одақтардың түрлі жағдайларға байланысты әлсіреуі нәтижесінде Орта Азия территориясында түркі тілдес тайпалық одақтарының бірігу үдерісі басталды. Заманымыздың І мыңжылдығының басынан Еуразия даласында біртіндеп этникалық өзгеріс орын алды. Оның негізгі көрінісі ретінде бұл аймақтарда түркі тілдес тайпалардың бас қосуын, өз алдына мемлекет құрып дамудың жаңа бір үдерісін бастан кешуін ерекше айтуға болады. Тарих толқынында өз ізін жоғалтпай, үнемі даму, ұлғаю, ірілену сияқты үдерістерді бастан кешкен біздің көне түркі тіліміз қазіргі уақытта өмір сүріп отырған бүкіл түркі тілдес халықтардың тікелей сабақтастығының жемісі болып табылады. Тілдің пайда болуы мен қалыптасуындағы осындай үзіліссіз, динамикалық дамудың негізінде пайда болған қазақ тілі де түркі ата тіліміздің негізгі бір бұтағын құрайды