Табиғаттың адамға берері көп. Жер асты кен байлықтары- таптырмайтын қазына. Таза ауа, су, орман бәрі табиғаттың сыйы. Сусыз өмір жоқ. Су тек адамға ғана емес, бүкіл тіршілік иесіне қажет. Суды ішеміз, жуынамыз, ондағы байлықтарды қолданамыз. Көл, теңіз, өзендерден балықтарын аулаймыз, түрлі тағамдар жасаймыз, суына шомыламыз. Ормандарда аңдар, құстар бәрі адам үшін. Табиғат осындай тамаша.