 Dddgirl777 
                                                15.09.2019 17:06
                                                
                                                Dddgirl777 
                                                15.09.2019 17:06
                                             AlisaSerikh 
                                                15.09.2019 17:06
                                                
                                                AlisaSerikh 
                                                15.09.2019 17:06
                                             pro100miss 
                                                15.09.2019 18:20
                                                
                                                pro100miss 
                                                15.09.2019 18:20
                                             uliana3447 
                                                15.09.2019 17:04
                                                
                                                uliana3447 
                                                15.09.2019 17:04
                                             Хей151 
                                                15.09.2019 18:20
                                                
                                                Хей151 
                                                15.09.2019 18:20
                                             mintgirl 
                                                25.09.2019 08:26
                                                
                                                mintgirl 
                                                25.09.2019 08:26
                                             inpurple 
                                                25.09.2019 08:20
                                                
                                                inpurple 
                                                25.09.2019 08:20
                                             коу007 
                                                25.09.2019 08:17
                                                
                                                коу007 
                                                25.09.2019 08:17
                                             Dasha1231232007123 
                                                23.08.2019 02:10
                                                
                                                Dasha1231232007123 
                                                23.08.2019 02:10
                                             embazuka 
                                                23.08.2019 02:10
                                                
                                                embazuka 
                                                23.08.2019 02:10
                                            
Табиғат анаға хат
Бізді қоршаған орта: жан-ануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар - осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді. Атамыз қазақ қашанда адам мен табиғат ұғымы егіз деп санаған, себебі адам да табиғаттың ажырамас бір бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз үғым қалыптаскан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы - Көкшетау», «Жер жаннаты - Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген. Сондықтан осындай баға жетпес байлық табиғатты аялау - біздің міндетіміз.
Мен таиғат анаға хат жазар болсам, ең әуелі табиғатты көз тоймас әсем сұлулығы мен бізге оң әсер ететін пайдасын ескере отырып, рахметімді айтар едім. Оны өа басым қалай қастерлеп, қолымнан келгенше күтім жасайтынымды айтушы едім. Сонымен қатар, осы тіршілік көзін ластап, салдыр - салақ қараған адамдар үшін қынжылып, кешірім сұраушы едім. Демек, біздің әрбір басқан қадамымыз, әрбір істеген ісіміз табиғатқа байланыты болғандықтан, оның біздің өмірімізде ерекше орын алуы сөзсіз. Бірақ, адамзаттың кейбір істері табиғатқа кері әсер етуде. Оның кері әсері біздің денсаулығымызға да зиян келтіреді. Табиғатты қорғау- табиғатты аялау әр адамның міндеті. Үлкен- кіші әрдайым оны таза ұстап, құрмет тұту қажет. Оның бізге қаншалықты қажет екені баршамызға мәлім.
Талай ақын - жыршы ағаларымыз табиғатты өлең жырларына арқау етіп, жырлап өткен. Солардың біреуімен өз ойымды тәмамдағым келеді:
Табиғатта сезімде, құлақта бар,
Ренжітсең қайғырып жылап та алар.
Аяласаң жаныңа шуақ тамар,
Қажығанда бойыңа қуат тамар. - демек менің құрметті құрдастарым табиғатты аялайық! Қолымыздан келгенше келер ұрпаққа табиғаттың әсемдігін сақтап қалайық!