Тақырыпты болжаудың бірнеше жолдары бар. Қандай болмасын бейнематериал үзіндісін көру арқылы немесе суретке қарап жалпы мазмұнды ұғуға болады. Сонымен қатар тірек сөздер мен тіркестер арқылы да сөз болғалы отырған тақырыпты анықтай аламыз. Өйткені сөздер өзара байланысып тіркес немесе сөйлем түзеді. Ал сөйлем ойды толық жеткізуге қабілетті мәтіннің ең кіші элементі, бөлшегі. Ақпарат жеткізетін мәтіннің мазмұнындағы зат есімдер мен етістіктер мазмұнды игерту тұрғысынан өзге сөз таптарынан ерекшеленеді. Мазмұнды игеру бойынша олар доминант қызмет атқарады. Мысалы: Сырдария өзенін көне парсылар «Үлкен маржан» деп атаған. Қазақстанның жергілікті тұрғындары оны «Дария» деп атайды.
Сырдария өзені Тянь-Шань тауларынан ағып келетін Нарын және Қарадария өзендерінің қосылған жерінен басталады . Ол 2,212 км қашықтықта орналасқан Арал теңізіне барып құяды . Өзен жалпы 800 000 шаршы км жерді алып жатыр. Сырдарияның суын мақта өсіруге пайдаланады. Түркістан мен Қызылорда қалалары осы Сырдың суын қолданады.
Мәтін мазмұнында қолданылған 50 пайыз лексика оқырманға таныс болған жағдайда, ол жеңіл, қиындықсыз қабылданады. Өйткені жалпы мазмұнды ұғу оқырман үшін мүмкін болады. Мәтіннің жалпы мазмұнын түсіну арқылы оқыған ақпаратқа өзіндік көзқарасыңды білдіру тіптен жеңіл. Сол себепті жаңа сөздерді үнемі қолдануға тырысу қажет. Лексикалық қор – өз ойыңды еркін жеткізуге көмектеседі.
Поэзиялық шығарманы оқып түсіну сәл күрделірек болады. Ондағы сөздер орын тәртібі тұрғысынан тұрақсыз болып келеді. Мысалы: «... Сүйсең міні маңдайым» деп келеді.
Поэзияда ой көп жағдайда астарлы жеткізіледі. Кейіптеу, әсірелеу сынды тіл құралдары көп қолданылады. Поэзиялық шығармада да өзге шығармалар сынды автордың айтпақ ойы болады. Белгілі бір мәселе көтеріліп, оған деген автор көзқарасы қоса көрініс табады. Ал автор көзқарасы мен өз көзқарасыңды салыстырып айтып үйрену, ой жүйріктігін қалыптастырады.
Артқа
Алға
Нашли ошибку на сайте?