Таңертеңнен бері бөгелместен тартқан үш салт атты атта- рын қан сорпа қылған қалпында кешкі екінті кезінде Көк-
қайнардағы Құнанбай ауылына, Абайдың өз шешесі Ұлжан-
ның отырған ауылына кеп жетіп еді.
- Қалашылар, қалашылар келеді!
- Анау Абай ғой, айналайын-ай! Апасына айтайыншы, -
деп тағы бірі үлкен үйге қарай ұмтылысқан.
Аттылар үйдің сыртына келе
бергенде, алдарында, үлкен үй
мен қонақ үйдің арасында бұлар
ды күткен бір топ жан тұр екен.
Бала көп ішінен, ең алдымен, өзі-
нің шешесін көріп, соған қарай
жүре беріп еді, шешесі анадай
жерде тұрып:
- Әй, шырағым, балам, әуелі ар жағында әкең тұр. Сәлем
бер! - деді.
Абай жалт карап барып, кана көрді. Анадай жерде, қонақ
үйдің сыртында әкесі Құнанбай тұр екен. Ыңғайсыздықтан
қысылып қалған бала әкесіне қарай тез бұрылды.
Байтас пен Жұмабай такай бергенде, Абай да қасына кеп
қалып еді. Үшеуі бірдей жамырай сәлем берді. Құнанбай те
бұрылып сәлемдерін алды да, қысқа ғана амандык сұрады...
- Бар, ана шешелерің жакка бар, амандас, балам! - деді.
Абайдың күткені де сол еді...
Бала енді асығып, өз шешесіне қарай жақындай беріп еді,
Калика деген бір жеңгесі:
Телғара! Айналайын, Телғара! Соқталдай азамат бол
кетіпсің-ау! – деп мойнынан құшақтай алып, бетінен сүйді...
Кезек өз шешесіне келгенде, ол сүйген жоқ. Катты бір
кысып, бауырына басып тұрды да, маңдайынан иіскиеді.
- джене бар, әнеки! - деп, үлкен үйдің алдына карай
бұрып жіберді.
Kapi aneci -
Зере бәйбіше таяғына сүйеніп, ұрсып тұр
екен. .
Жаман неме, маған бұрын келмей, әкеңе кетті-ау!
Жаман неме! - дей беріп, қасына, құшағына немересі бар
ғанда, жаман неменің» артынан лезде:
- Карашығым, қоңыр қозым... Абай жаным... - деп кет
сеңдеп, жылауға айналып кетті.​


Таңертеңнен бері бөгелместен тартқан үш салт атты атта- рын қан сорпа қылған қалпында кешкі екінті к

Drocket Drocket    2   01.03.2021 18:28    12

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi