 1111Кристина11111 
                                                17.11.2020 15:27
                                                
                                                1111Кристина11111 
                                                17.11.2020 15:27
                                             lyolyabal01 
                                                17.11.2020 15:27
                                                
                                                lyolyabal01 
                                                17.11.2020 15:27
                                             рустам222 
                                                17.11.2020 15:28
                                                
                                                рустам222 
                                                17.11.2020 15:28
                                             aya121 
                                                17.11.2020 15:28
                                                
                                                aya121 
                                                17.11.2020 15:28
                                             Юлька1606 
                                                17.11.2020 15:28
                                                
                                                Юлька1606 
                                                17.11.2020 15:28
                                             MariSar 
                                                17.11.2020 15:28
                                                
                                                MariSar 
                                                17.11.2020 15:28
                                             daniil6092002 
                                                17.11.2020 15:28
                                                
                                                daniil6092002 
                                                17.11.2020 15:28
                                            
Темірғали КӨКЕТАЕВ. Қоғамдағы көп жұрттың бірі білсе, бірі білмес. Кейінгі буынның тіпті танымайтыны анық. Алайда оны физика-математика саласының әлемдік ғалымдары жақсы білетіні сөзсіз. Өйткені оған шетелдік ұйымның ұсынысымен 25 жыл бойы зерттеп ашқан «Қатты дененің абсолюттік спектроскопиясы» атты жаңалығы үшін «Outstanding people of the 20 th century» (қазақшасы: XX ғасырдың көрнекті адамы) атағы берілген. Бұл – бір ғасырда бір рет қана берілетін атақ. Осыған қатысты естелігін кейіпкеріміздің өзі:
в
– Эстониялық ғылыми жетекшім Чеслав Лущик қоңыраулатып, осындай атақ берілгенін толқып хабарлады. Телефонда оның жылап тұрғаны білінді. Қуанған ғой. Сол кезде мұның не екенін толық түсінбедім. Осы оқиғадан 1 жыл өткенде Мәскеуде біздің тақырып бойынша халықаралық ғылыми конференция өтті. Іс-шарада бір жапон келіп, менімен амандасып: «Сіздің осындай атағыңыз бар ма? Сіз Темірғали Көкетаевсыз ба?» деп сұрады. Мен растадым. Сонда жапондық маған физика саласына сіңірген еңбегімді бағалап, дәл осы атаққа лайық көріп кандидаттыққа ұсынған Жапонияның ғылыми институты екенін жеткізді, – деп еске алады.