Түйеқұстың қасиеті мен пайдасы қандай?

zeus333 zeus333    3   21.02.2021 09:46    1

Ответы

ответ:Бұл міндетті Еңбекшіқазақ ауданының Әймен ауылындағы түйеқұс өсірумен айналысатын «Фауна» атты ферма шаруашылығы орындап шықты. Бекетбай Дәуренқұлов басқаратын шаруашылықтағы бойы 3 метрге жуықтайтын түйеқұсты көргенде тіксініп қалатының рас. Ал шаруашылықтағылар осыдан 15 жыл бұрын қазақ даласына келген бабы қиын құсты Жетісу төрінде жерсіндіру үшін көп еңбектенді. Алғаш бетпе-бет келгенде сұсты болып көрінетін, бойы 2-3 метр келетін түйеқұс аталығы 100-150 келі ет береді. Қауырсыны бас киім, сахналық костюмдер тігуге пайдаланылса, жұ­мыртқасы мен еті жесең – ем, әсіресе, қан қысымы жоғары және қант диабетімен ауыратындарға – мың да бір дауа. Бір қасиеті аса күтімді, қамқорлықты қажет ете бермейді. Аталған құсты бағып-баптауда шөп, жүгері, бидай және соя ұны қоспаларынан тұратын азық-түлік беріледі екен. Оған бор мен кальций қосылады. Бір түйеқұс күніне 10 литрге жуық су ішеді. Керекті азық шаруашылықтың өзінде дайындалады. Шаруашылықта арнайы жататын, қыздырылатын, жемдейтін орындар, инкубатор құрылғысы бар. Жаздыгүні далада емін-еркін жүретін құстарды қыстыгүні бағатын орындар да заман талабына сай жабдықталған. Онда түйеқұстар азықтанатын құрылғылар мен жатын орнын жылытуға арналған пеш орнатылған. Фермадағы ересек түйеқұстардың салмағы 160 келіге дейін жетеді. Балапандар тәулігіне 500 грамнан салмақ қоса отырып, он айлығында 100 келіге жетеді. Екі жасқа толғанда толыққанды түйеқұс саналып, жұмыртқалай бастайды. Негізі, түйеқұстың өнім­дері өте пайдалы. Терісі, тұяғы, тұмсығы, еті, жұмырт­қасы, бәрі кәдеге жарайды. Еті мейрамханаларда диеталық тағам ретінде ұсынылады. Ал оның терісінің беріктігі піл мен қолтырауынның терісімен бірдей. Олар негізінен сәуір мен қазан айында жұмыртқалайды. Ол кезде бір түйеқұс аптасына бір-екі жұмыртқадан береді. Салмағы 1,5-2 келі жұмыртқаны қуырып, 12-14 адамды тамақтандыруға болады. Бүгінде түйеқұс етіне сұраныс жоғары. Жеке шаруашылықта түйеқұстар қыста терең төсеніште, жылыжайларда сақталады, ал жазда табиғи топырақта жайылымдарға шығарылады. Түйеқұстардың бөлмесі құрғақ, мүмкіндігінше ашық, жарық, өте таза және жыл мезгіліне сәйкес келуі керек. Егер қандай да бір шарттар сақталмаса, онда олар кеткен шығынға сәйкес саны мен сапасы бойынша қажетті өнімді бермейді және оларды өсіру тиімсіз. Түйеқұстың Жетісу жеріне жерсінгенін Африка елдерінен арнайы келіп, көріп қайтатындар да көп екен. Олар бала күнінен көріп өскен мінезі шаһар құсты қолға үйретіп, жаз бен қысқы ауа-райы мүлде бөлек өңірге жерсіндіріп, экономикалық табыстың көзіне айналдырған шаруашылық мамандарына таңғалатын көрінеді. «Бұны көрген жергілікті кәсіпкерлер арасында қа­рапайым азықпен қо­ректеніп, өнімді мол беретін, шығыны аз, туристік пайдасы мол, аса қамқорлықты қажет ете бермейтін құсты қолда бағып, Отандық тауардың санын арттыруға үлес қосуға ұмтылыс танытқандар көбейіп келеді», – дейді шаруашылық маманы Қуанбай Қайратбекұлы. Сұраныс бар жерде ұсыныстың қашанда болатынын ескерсек, алдағы уақытта бұл бағытта бірталай жұмыс атқарылып, түйе­құстың етін күнде болмаса да күнара жейтін уақыт келетін секілді.

Толығырақ: https://inbusiness.kz/kz/news/tujekustyn-tilin-tapkandar

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi