Шындығында, атқан таңды, шыққан күнді көру бақытына ие болған азамат, соған қаншалықты шүкіршілік етсе, Тәуелсіздікке де соншалықты тәу етіп, соншалықты шүкіршілік етуіміз керек. Өйткені, қазақтың басынан өткен қасаң тағдырлар да тәуелсіздікке ешбір дүниенің жетпейтінін көрсетіп кетті. Академик ағамыз айтпақшы: Өмірге адам болып келген соң, сол өміріңді бодандықпен өткізу, құл болу, тәуелді болу деген дүниедегі ең сорақы нәрсе, ондай адам өзіне сенімсіз болып ұдайы: Біреу не айтады екен?... деумен күні өтеді. Ендеше, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасқан шағын көзбен көріп, сол қалыптасқан елде егемен тірлік кешіп отырған біздің буын - нағыз бақытты ұрпақ. Біздің толқынның маңдайына Тәуелсіз елдің азаматы болу жазылыпты. Әлбетте, бұл -үлкен бақыт қана емес, зор жауапкершілік.