Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында еліміз әлі есін жиып, етегін жаба алмай жатқан тұста Астананы Арқаға көшіреміз дегенге ешкім илана қойған жоқ.Тіпті Президенттің айналасында ат үстінде жүргендердің өзі қарсы болғаны тарихи шындық. Осындай әрі-сәрі кезеңде Астананы көшіру көзсіз ерлікпен пара-пар еді. Алайда, Елбасы тәуекелге барды. Ақ қар, көк мұзда ақ боранға қарамастан Астана көшін Ақмолаға қасқайып өзі бастап келді. Сонда да сене қоймай күңкілдегендер көп болды. Шынында да дәл сол сәтте Астананың бүгінгі болашағын Президенттен басқа ешкім көзіне елестете алған жоқ еді.

AnnaXolcman3003 AnnaXolcman3003    2   08.04.2020 12:28    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi