Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданды. Ол кіріспе, 4 бөлім, 21 тарау, 131 баптан тұрады. Қазақстан Конституциясы көптеген құқықтық нормаларды қамтиды. Олар: халықтық егемендік, мемелекет тәуелсіздігі, қазақ тілін мемлекеттік тілі ретінде тану, Президентті мемлекет басшысы деп тану, сот органдарын жоғарғы Конституциялық және жоғарғы арбитраждық соттар және т.б. ҚР Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды. Бұл Конституцияның айырмашылығы алғаш рет азаматтық құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен бастап ажырамайтын құқытарға қатысты нормалар да енді. Ата Заңы бар елдің іргесі мықты болады. Ата Заң жеке бір адамның өтініші бойынша емес, бүкілхалықтық референдум арқылы өзгертіледі. Онда да халық толық мақұлдауы тиіс.