*Тәтті қиал тақырыбында шағын мәтін​

87771411520n 87771411520n    1   11.01.2021 13:30    4

Ответы
Лиза109876543 Лиза109876543  10.02.2021 13:31

Тәтті қиял.

Адам қиялында шек жоқ қой,шіркін.Адамзат қиялы,ойлау жүйесінің биіктігі,жан-жақтылығы арқылы ғана бүгінде көптеген жаңалықтарды әлемге паш етуде."Армансыз адам – бұлбұлсыз құспен тең" деген екен дана халқымыз.Шынымен де,тәтті қиялға,арманға ерік бермейтін пенде жоқ шығар...

Әли бүгін сыныбымен мұражайға барды.Мұражайдың әр бөлігінен оқушылар жаңа мәліметтер алып жатты.Ендігі кезек ғарыш әлеміне,ғарышкерлер өміріне келгенде Әли аса үлкен зеректіліктпен айналасына көз салды.Әлидің қиялының басы анадайда тұрған скафандрда.Ия,Әлидің арманы жұмбақ ғарыш әлемімен байланысты еді.Бір қараса үстінде скафандр,айналасы толған жұлдыздар.Өзі бір ғаламшардың үстінде тұр екен.Белгісіз ғаламшарды суретке түсіріп,зерттеп тезірек Жерге жеткізсем деп асығады.Қасында өзі секілді ғарышкер достары да бар екен...Мұғалімі шақырғанда барып Әли есін жиды.Бұның жай қиял екеніне Әли күрсінбеді.Керісінше,сол қиялын шындыққа айналдыруды мақсат тұтты.

(Көп мағыналы сөздер:көз,бас).

(Ауыспалы мағыналы сөздер:ойлау жүйесінің биіктігі,тәтті қиял).

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi