Түскиіз - үй қабырғасын сәндеуге арналған жиһаз. Түскиіз- сәндік үшін төсектің тұсына ұстайтын үй жиһаздарының бірі.Көбінесе төсек тұсына ұсталатын болғандықтан Түскиіз аталған. Түскиіздің шеті түрлі-түсті жіппен өрнектеліп кестеленген бір түсті матамен (барқыт, мәуіті, шұға т.б.) көмкеріледі. Ортасында үйлесімді мата (жібек, мақпал, қымқап) салып киізбен астарлайды. Кейде ақ киіздің бетіне түгелдей (қызыл, сары, көк) ою жапсырады. Ертеректе Түскиіздің қызыл былғарыны күміспен әшекейлеп жасаған түрі де болған. Түскиіздің кестесі көбінесе біртұтас мазмұндағы бірнеше өрнектің ("мүйіз", "гүл", "жапырақ", "шырмауық", "түйетабан", "алқа") ұнамды үйлескен тұтас желісін жасау арқылы түрлі-түсті жіппен (ішінара меруерт, маржанмен) тігіледі.[1]