«Тұсаукесер» рәсімінен қазақ халқының салт-дәстүрін, мәдениетін көруге болады. Дәстүр
бойынша сәбидің тұсауын сыйлы, өнерлі, өнегелі адам кеседі. Ол адам сәбиге өзінің тілегін айтып,
батасын береді. «Тұсаукесер» жырын айтып, ала жіпті пышақпен кеседі.
«Тұсаукесер» жыры – ғасырдан ғасырға жеткен аса қымбат мұра. Жырлардың көп үлгілері бар.
Олардың бірі мынадай болып келеді:

​Қаз, қаз, балам, қаз балам,
​Қадам бассаң, мәз болам.
​Тұсауыңды кесейін,
​Күрмеуіңді шешейін.

Тұсауды неліктен ала жіппен кеседі? Оның мағынасы бар. Ол сәби «адал болсын, ешкімге
жамандық жасамасын», – деген тілекті білдіреді. Осы кезден бастап сәбидің жаңа өмір жолы
басталады.

1) Тұсауды неліктен ала жіппен кеседі?
А) әсемдік үшін.
В) сәби адал болсын деп.
С) тез жүру үшін.
D).бала құламау үшін

Klimka081098 Klimka081098    1   24.12.2020 14:25    6

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi