Төрт сөйлем» тәсілін пайдаланып, мәтіндегі автор ойына қатысты өз пікіріңді білдір. Пікір: оқыған мәтін бойынша пікіріңді бір сөйлеммен жеткіз.
Дәлел:пікіріңді бір сөйлеммен дәлелде.
Мысал: пікіріңді өмірмен байланыстырып, мысал келтір.
Қорытынды: тақырып бойынша қорытынды жаз.
Қазақ жазуы – қазақ тілінің әріп таңбаларынан тұратын жазу жүйесі. Көне заманнан бері қазақтар әртүрлі жаз жүйесін пайдаланып келген. Олардың алғашқысы – қазақпен бірге басқа да түркі халықтарына ортақ болған руна жазу. Осы жазу үлгісінде Күлтегін, Білге қаған ескерткіштері сияқты көне түркі мұралары сақталған. V-XII ғасырларды қамтитын руна жазу Орхон-Енисей, Талас өзендерінің бойынан табылып отыр. Мұның өзі біздің ата-бабаларымыздың өмір сүрген географиялық орындарын көрсетеді. VIII-IX ғасырларда қазақ даласына мұсылман дінімен бірге араб жазуы да келді. Араб графикасына негізделген жазу үлгісі 1929 жылға дейін сақталып келді. Яғни, осы тұсқа дейін жазылған еңбектер араб жазуы негізінде хатқа түсті. Оны Шоқан, Абай, Мәшһүр Жүсіп, Шәкәрім сияқты ұлы тұлғалар қолданды. ХХ ғасырдың басында А.Байтұрсынұлы араб жазуын қазақ тілінің заңдылықтарына сай бейімдеп, қазақ әліпбиін жасады. Осы әліпбидің негізінде кітаптар жарық көрді, шәкірттер білім алды. Мағжан, Абай, Мұхтар сынды алыптардың еңбектері жазылды. 1929-1940 жылдар аралығында халқымыз латын графикасы негізіндегі әліпбиді пайдаланды. 1940 жылдан бастап қазіргі қолданыстағы кириллицаға негізделген әліпби қолданылуда.
Қазіргі кезде қоғамда латын әліпбиіне көшу мәселесі көтеріліп жатыр. Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Түрікменстан сияқты туысқан халықтар осы латын әліпбиін қолданады. Дүниежүзілік ақпаратта латын әліпбиінің орны үлкен. Сондықтан латын әліпбиіне көшу мәселесі өз кезегінде шешімін табуы мүмкін. Әлемдегі қазақтар өздерінің тұратын мемлекеттеріне қарай араб, латын, кириллица таңбаларына негізделген әліпбиді қолдануда. Осы тұрғыдан келгенде, ортақ әліпбидің болуы халықтардың бір-бірімен түсінісуіне оң ықпал тигізетініне кәміл сенеміз