Түркологиялық әдебиеттерде көне түркі жазулары жөнінде ең алғаш хабар берген кісі – Амстердам қаласының бургомистрі Н.Видзен.Бұдан кейінгі мағлұмат С.Ремезовтің 1697 жылғы  «Сібір қалаларының ,жерлерінің , шөл далалары мен асуы қиын таулы өлкелерінің чертежі» атты еңбегінде беріледі.      Енисей аңғарларынан табылған құпия жазулар жөніндегі мағлұматтар швед елінің тұтқын офицері  И.Старленбергтің еңбектерінде де кездеседі. Оның  ескерткіштері туралы еңбегі 1730 жылы Стокгольм қаласында неміс тілінде жарияланды.
     1818 жылы Абель Ремюза ,1824 жылы Роммиль ,О.Клаппорт , М.А. Кастрен т.б шетел ғалымдары да Сібір  жерінен табылып жатқан құпия жазулар туралы мақалалар жазды .
     Белгісіз жазуларды оқып,талдау Дания ғалымы В.Томсеннің үлесіне тиді. Ол,Ең алдымен, ескерткіштердегі кейбір таңбалардың басқа екінші бір таңбалармен қатар келетін және келмейтін ерекшеліктеріне назар аударды.Бұдан ол көне түркі жазуындағы дауысты дыбыстардың қолданылуына байланысты жуан және жіңішке айтылатын екі жүйе ,38 негізгі таңба  бар екендігін анықтады.В.Томсен оңнан солға қарай оқу керек деген көрегендік қорытындыға келді.Сөйтіп , данышпан ғалым 1893 жылы 15 желтоқсан күні Дания королінің ғылыми қоғамы мәжілісінде жасаған 15 беттік баяндамасында сол күнге дейін белгісіз , құпия болып келген жазулардың кілтін тауып ,оның түркі халықтарының төл жазуы екендігін дүнеие жүзі алдында дәлелдеп берді.

Мәтіннің көнелігін танытатын сөздерді тауып,жазыңыз.             

Васиози Васиози    2   29.10.2020 08:49    0

Ответы
aigerim341 aigerim341  28.11.2020 08:49

Офицер, туркологиялық

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi