Түрікілерді ерте орта ғасырларда әлемге танытқан – олардың ерлікке толы мінезі, батырлық жырлары, жазу мәдениеті және балбал тастары. Оның ішінде көне түріктердің жазу мәдениетінің алатын орны ерекше. Түріктердің жазуы туралы ең алғашқы мәліметтерді қытай деректерінен кездестіре аламыз. Негізінен түрік жазуының пайда болған уақыты V ғасыр деп есептеледі. Көне түрік жазуы руна немесе сына жазуы деп аталған. Көне түрік жазуының ескерткіштері Орталық Азия аумағында көп табылған. Олардың ішіндегі ең белгілісі – Солтүстік Моңғолия жеріндегі Орхон, Селенга, Толы өзендерінің табылған тастағы жазулар. Бұл тастарда түріктердің атақты билеушісі мен ақылгөйлері Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк құрметіне арналып жазылған руна жазулары сақталған. Ал Қазақстан аумағында Талас, Іле өзендерінің аңғарынан да көне түрік жазуының ескерткіштері табылған. Түріктің жазба ескеткіштерінің көп кездесетін жері – Сібір өлкесі Енесей өзені бойы. Жазулар құлпытастарға, қыш пен металдарға жазылған. «Руна» «әріп» және «белгі» дегенді білдірмейді. Оны – «құпия» және «белгісіз» сөздерімен ұштастыруға болды. Руналардың нақты шығу тегі бүгінгі күнге дейін анықталмаған. 1889 жылы Н.М.Ядринцев Солтүстік Моңғолияда Орхон өзенінің аңғарынан руна жазулары бар орасан зор құлыптастарды тапты. Табылған тексті оқудың бірінші болып кілтін тапқан дат ғалымы В.Томсен және жазбаларды алғаш рет оқыған орыс түркологі В.В.Радлов болды. Руналық жазулардың барлық табылған ескерткіштері ішінде Солтүстік Моңғолияның негізінен алғанда Орхон, Тола және Селенге өзендерінің аңғарларында шоғырланған ескерткіштері ең ірілері болып отыр. 2.1. Мәтіннің стилі мен жанрын анықтап, дәлелде. [1]
2.2. Мәтіннен төменде берілген өздерге мағыналас сөздерді тап.
Даңқты –
Үлкен –
Әскербасы –
[3]
2.3. Мәтін мазмұнына сүйене отырып, өз сөзіңізбен жауап жаз.
«Руна» сөзі қандай мағына білдіреді? Руна жазуының тарихи маңызына баға бер.
ответ на фото
Смотри и учись