Түнгі аспанға көз салсаң, жұлдыздардың өрнектер, түрлі пішіндер құратынын көресің. Мұндай белгілі бір суретті құрайтын жұлдыздар
тобын Шоқжұлдыздар деп атайды. Аспанда 88 Шоқжұлдызы бар.
Олардың кейбірі жануарлардың, енді біреулері ежелгі батырлар мен
Құдайлардың құрметіне солардың аттарын иеленген. Жер күнді
айналғандықтан, біздің әртүрлі Шоқжұлдыздарды бақылауға
мүмкіндігіміз бар.
Жетіқарақшы – аспанның солтүстік жарты шарындағы Шоқжұлдыз.
Оның жеті жұлдызының сыртқы пішіні шөмішке ұқсайды. Қазақ
халқының түні бойы темірқазықты айыру үшін қолданған.
«Темірқазықты бетке ал» немесе «Темірқазығың сол иығыңда
болсын» деп жолаушыларға жол сілтеген.
Жетіқарақшыға ұқсаған тағы бір «Шөміш» бар. Ол да жеті
жұлдыздан тұрады және «Кішіқарақшы» деп аталады. Жетіқарақшы екеуі
бір - біріне жақсын орналасқан. Бірге туып, бірге батады.
Жетіқарақшының басы оң жаққа, сабы сол жаққа, Кішіқарақшының басы
сол жаққа, сабы оң жаққа қарап тұрады. Кішіқарақшының сабының
ұшындағы жұлдыз Темірқазық, ең шеткі екі жұлдыз Ақбозат, Көкбозат
деп аталады.
Белсенді оқылым: Мәтін ішінен алты сұрақ дайындаңыз.
1. Мәтін не туралы?
2. Жұлдыздар тобын қалай атаймыз? Неліктен?
3. Аспанда неше Шоқжұлдызы бар?
4. Қазақ халқы жол бағдарлау үшін қандай жұлдызды пайдаланды?
5. «Шөмір» деп нені атады? Неліктен?
6. Кішіқарақшының сабының ұшындағы жұлдыз қалай аталады?​


Түнгі аспанға көз салсаң, жұлдыздардың өрнектер, түрлі пішіндер құратынын көресің. Мұндай белгілі бі

данил1234758888 данил1234758888    1   14.04.2021 09:13    9

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi