Төмендегі үзіндіден есімді сөз тіркестерін бір бөлек, етістікті сөз тіркестерін бір бөлек жазыңыз. Осы өткен қыс бойында кітап соңында көп отырған Абай үй ішіне, Ербол мен Баймағамбетке, Кішкене Молдаға әңгіме тыңдауға жараған балалары Әбдірахман, Күлбадан, Мағаштарға өзі оқыған кейбір ертегілерін, романдарын да қызықты хикая етпей-ақ беріп отырады. Осыдан он шақты күн бұрын әңгімені үлкен ықыласпен тыңдап, жақсы ұғынатын Баймағамбетке Абай бір қызық роман уақиғасын сөйлеп берген-ді. Ол роман – жаңағы Баймағамбет бастаған, Европаның орта ғасырында болған үлкен бір ауыр хикая болатын.
Баймағамбет нелер шытырман, қиын уақиғалы әңгімелерді айтуға қызығады. Адамдары көп, олар арасындағы шатасқан қым-қуыт тартысы көп уақиғаларды Абайдың бір айтып бергенінен жақсы ұғынады. Естіп алған әңгімесін сол күндерден бастап-ақ көрші үйлерде әйелдер, малшылар, қонақтарсында бір мүдірмей, әдемі тілмен, қызықты етіп әңгімелеп отырады. Осы қыс Баймағамбеттің ертекші, әңгімеші деген атағы Ақшоқы, Қорық қана емес, Шыңғыстан Семейге шейін білінді.​

Емсимася Емсимася    3   30.03.2021 21:27    10

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi