Төмендегі тапсырманы орындаңыз.
Мамандық таңдау – маңызды іс. Уақыт өте дәстүрлі мамандықтар сұраныстан айырылып, жаңа маман иелері пайда болады. Заманның ағынынан қалмай, жаңадан пайда болатын болашақ мамандықтарға дағдыланайық.
Fast Future британдық агенттіктің футурологтары 2030 жылы сұранысқа ие болып, кең жайылатын мамандықтардың тізімін болжады. Дәстүрлі кеңселік жұмыстан шаршаған жандардың құлағына алтын сырға, қазірден бастап дайындалсаңыз, жаңа жұмысқа қажет машықтарды жақсарта аласыз.
Сонымен, айналдырған 17 жылдан кейін заманауи инженерлер мен сату бойынша менеджерлердің орнына мынандай маман иелері қажет болады:
Наномедицина қызметкері – адам денесінің мүшелерін қайта жасайтын маман.
Ғылым жетістіктері этикасының маманы. Бұл кісі адамдарды клондау, өлілерді тірілту сынды адам өмірі мен өлімінің этикасына қатысты мәселелерді шешу керек. Ғалымдардың ойлауынша, ол уақытқа дейін өмір мен өлім адам қолында болады екен.
Ғарыш туризм мамандары: ұшқыштар, бортинженерлер мен гидтар. Дамыған технология ғарышқа саяхаттауға мүмкіндік беріп, жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді.
Жер болашақта үлкен құндылыққа айналып, жерді үнемдеу өмірдің кез келген саласында байқалады. Өндіріс пен шаруашылық көп жерді алмас үшін, «тігінен тұратын фермалар мен өндіріс орындары» көбейеді. Осы салада жұмыс істей алатын мамандардың қажеттілігі де артады.
Климат өзгерісі бойынша маман болашақта ең жиі кездесетін мамандықтардың қатарында болады.
Қарт кісілердің денсаулығын күтуші маман тек үлкен кісілерге медициналық көмек көрсететін болады.
Адамның табиғи есін жақсартып, «жадысын» көбейтетін арнайы хирург пайда болады.
Ауа райы полициясы бұзылып кеткен ауа-райын қалпына келтіреді-мыс.
Виртуалды құқықтың заңгері қарапайым заңгерлерден де үлкен сұранысқа ие болады.
Қозғалыс көліктеріне балама ойлап табатын кісілер де қоғамға өте қажет болады.

1. Мәтіннен тірек болатын сөздерді табыңыз. [1]


2. Оқылым мәтінінің мазмұны бойынша «шын» және «жалған» ақпаратты белгілеңіз.
Ақпарат Дұрыс Дұрыс емес
1.Fast Future британдық агенттіктің футурологтары 2030 жылы сұранысқа ие болып, кең жайылатын мамандықтардың тізімін болжай алмады.
2.Наномедицина қызметкері - тіс дәрігерінсіз адамның тістерін қалпына келтіретін робот.
3.Ғарыш туризм мамандары: ұшқыштар, бортинженерлер мен гидтар.
4.Адамның табиғи есін жақсартып, «жадысын» көбейтетін арнайы хирург пайда болады.
[4]
Жазылым
«Менің болашақ мамандығым» тақырыбына эссе жаз. Эссенің құрылымын сақтау маңызды, тыныс белгілерін дұрыс қоюға көңіл бөл.
[10]

VasilisaBelkina VasilisaBelkina    3   02.03.2021 06:51    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi