Төмендегі сөйлемдерден қайталама қос сөздерді тауып, олардың қалай жасалып тұрғанын айтыңдар.
1.Қаратаудың қабырғасы сай-сай қатпа адырлары созылып, ұйқыға кеткен. 2.Көгілдір аспан жүзінде шашылған тарыдай жер-жерден бір-бір жұлдыз көрінеді.3. Маңайда дүркін-дүркін атылып жатқан жау пулеметтері мен автоматтарының үні еміс-еміс естіледі. 4. Жұрт жапа-тармағай орындарынан тез-тез тұрып, жорыққа аттанды.5. Анда-санда күмпілдеп жарылып жатқан миналардың даусы да құлаққа жетіп тұр. 6.Жер-дүние, жан-жануар марғау тартып тұрған тәрізді. 7. Белес- ойпаңдар да, бұта өсімдіктер де көкпеңбек. 8. Қара жерге түп-түгел жасыл жібек төсегендей. 9. Жап-жасыл жібек барқыт тіккен шұбар ала кестеге ұқсайды