Төмендегі сөйлемдерді толықтырыңыз. Жаз шықты да, ... .Саша қазір қыдырмайды, өйткені ... .Не ол барсын, не ... . Мен мына мақаланы аудармаймын, өйткені ... .Мен мәтінді оқымаймын, себебі ... .Мен базардан қауын алдым және ... .Арман былтыр Мәскеуге сапар шекті және ... .Сіз жақсы жауап бердіңіз, өйткені ... .Мен ерте шықтым, бірақ ... .Ол тез жазады, сонда да ... .Ертең мен театрға барар едім, бірақ ... . Біз қазақ тілі сабағында мазмұндама жазып отырдық және ... .Қар жауды да, ... . Менің бір ағам мал дәрігері болып жұмыс істейді де, .Біз тоғыз қабатты үйде тұрамыз және ...

Аляяяя0604 Аляяяя0604    3   04.01.2021 16:51    4

Ответы
raizat2004 raizat2004  12.02.2021 22:16

   Жаз шықты да, күн жылынды .

   Саша қазір қыдырмайды, өйткені ол ауырып тұр.

   Не ол барсын, не мен барамын.

   Мен мына мақаланы аудармаймын, өйткені сөздері ауыр екен .

   Мен мәтінді оқымаймын, себебі мәтінде қате көп екен.

   Мен базардан қауын алдым және қарбызды да ұмытпадым.

   Арман былтыр Мәскеуге сапар шекті және Арманға ол жер өте ұнады .

   Сіз жақсы жауап бердіңіз, өйткені жақсы дайындалыпсыз .

   Мен ерте шықтым, бірақ қоғамдық көлікке үлгермедім .

   Ол тез жазады, сонда да қалып қойды.

   Ертең мен театрға барар едім, бірақ менің қосымша сабағым бар .

   Біз қазақ тілі сабағында мазмұндама жазып отырдық және апай бізге көмек берді .

   Қар жауды да, дала ақ мамыққа оралды.

   Менің бір ағам мал дәрігері болып жұмыс істейді де, барлық жануарларды жақсы көреді.

   Біз тоғыз қабатты үйде тұрамыз және ол өте биік.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
юля2720 юля2720  12.02.2021 22:16

Жаз шықты да, күн жылына бастады. Саша қазір қыдырмайды, өйткені күн салқын болып тұр. Не ол барсын, не мен барамын. Мен мына мақаланы аудармаймын, өйткені мен ағылшынша жөнді білмеймін. Мен мәтінді оқымаймын, себебі мен бұл мәтінді өткенде оқыдым. Мен базардан қауын алдым және алма алуды ұмытып кеттім. Арман былтыр Мәскеуге сапар шекті және сол жерден жақсы достар тауыпты. Сіз жақсы жауап бердіңіз, өйткені сөздер өте мағыналы болды. Мен ерте шықтым, бірақ досымды күтіп тұрып қалдым. Ол тез жазады, сонда да жазуы әдемі болып шығады. Ертең мен театрға барар едім, бірақ сабағымды оқуым керек. Біз қазақ тілі сабағында мазмұндама жазып отырдық және ерте қоңырау соғып кетті. Қар жауды да, даланы тұман басты. Менің бір ағам мал дәрігері болып жұмыс істейді де, жануарларға қамқор болып жүреді. Біз тоғыз қабатты үйде тұрамыз және бұл үйде лифт жоқ болғандықтан, біздің қабатқа көтерілу қиын.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi