Төмендегі сөйлемдердің мазмұны негізінде құрамына шылау және еліктеу сөздерді қатыстырып, қысқаша мәтін құрастырыңдар.
Достар ешқашан бір-бірін сатпауы тиіс. Достар материалдық құндылық-
тардан гөрі рухани құндылықтарды жоғары бағалауы қажет. Достар бір-бірінің
лайықты істерін көре біліп, бағалай білуі керек. Достар бір-бірінің кемшілігін
көріп, түзетуге кеңес беріп, көмектесуі тиіс. Бір-біріне жасаған жақсылығы
үшін, қайтарым күтпеуі керек. Достар адалдығын сөзбен емес, ісімен дәлелдеу
қажеттігін ұмытпауы тиіс

ladakorobova ladakorobova    1   02.12.2020 15:32    4

Ответы
mashA2007111 mashA2007111  01.01.2021 15:34

Дос адам жанының айнасы тәрізді. Себебі адам өзі қандай болса, дәл сондай жанына жақын жанды іздейді. Ойы, арман-тілегі, мақсат, ең бастысы өмірдегі құндылығы бір адамдардың шынайы дос болып, өмір бойы араларынан қыл өтпейді.

Достық адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. і. Дұрыс дос таңдай білу өмірлік мақсаттардың бірі.

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi