Төмендегі мақал мәтелдердің құрамына диалект сөздерді анықтап түсініп оқы

ник5030 ник5030    2   25.11.2021 07:50    0

Ответы
alexander124131 alexander124131  25.11.2021 08:00

78-беттегі 9-тапсырма болса:

"Ел аузына елек (сүзгі) қойып болмас" деген бүкіл адамның аузына қақпақ қоя алмайсың, яғни мынаны айт, мынаны айтпа десең де, әркім айтқысы келген нәрсені айтады.

"Тозған елді там (үй) жияр" деген ел "тозғанда", халық ыру-дыру болып жан-жаққа шашырап кетеді, сол кезде оларды бір жерге жиып, тамағын беріп, жөн сілтейтін адам болса, қайтадан ел болып кетеді.

"Пұлсыз (ақшасы) базарға барма" деген ақшаң болмаса, базарға барудың қажеті жоқ, онда тегін нәрсе жоқ дегенді білдіреді.

"Шөп жаманы - қоға, құс жаманы - шажа (қылқұйрық бұлдырық - даусы ащы құс)"

"Әр кәллада (иман) бір қиял" деген әр адамның өз ойы, өз түсінігі, өз мақсаты бар.

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ